СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ » "Фуркат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная средняя школа №37 имени Фурката"
Управления образования города Шымкент
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ
19
май
2022

СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ

Қымбатты ата-аналар мен балалар! 
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Фуркат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектеп  әкімшілігі мен мұғалімдер, жауапты қызметкерлер мен сынып жетекшілер тарапынан 2021-2022 оқу жылы барысында жалпы ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы және жол, өрт, ғаламтор, қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қауіпті су аймақтарында ескерту белгілері қойылып, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар WhatsApp желісі арқылы ата-аналар чаттарына, мектептің фейсбук парақшаларына жарияланды. Бұл жұмыстар бақылауда болып, өз жалғасын табуда.
Дегенмен, қазіргі жазғы июнь науқанында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төле би орта мектебінің әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: Ата-аналар мен ересектер тарапынан үй жағдайында балаларға үнемі СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет!

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтайық! Біз біргеміз
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив