1 сыныпқа қабылдау болып жатыр » "Фуркат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Фуркат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
шілде
2022

1 сыныпқа қабылдау болып жатыр

Құрметті ата-аналар!

1- сыныпқа оқушыларды қабылдау 31 шілде күні аяқталатынын естеріңізге саламыз. Санаулы күндер қалғандықтан 1- сыныпқа балаларыңызды беру туралы шешім қабылдап, аталған уақыттан кешігіп қалмауларыңызды сұраймыз.

✅ Еліміз бойынша 1- сыныпқа оқушыларды қабылдау 1 сәуірден жүріп жатыр.

✅ Құрметті болашақ бірінші сынып ата-аналары 31 шілде 1-сыныпқа құжаттарды қабылдаудың соңғы күні екенін тағы да ескертеміз.

✅1- сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы ақпарат назарларыңыз үшін төменде⤵️

✅ 1 - сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

✅ Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?

✅ Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
✅ Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
✅ Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
✅ Егу паспорты (065/у нысаны)
✅ Баланың суреті (3*4 өлшемді)

1- сыныпқа қабылдау сұрақтарымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алкеева Халида Каратаевнамен хабарлассаңыздар болады. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив