ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ » "Фуркат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
"Фуркат атындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
мамыр
2022

ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ


🌈🌈🌈ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

       🏫Мектебімізде оқушылар үшін жазғы мектеп өз жұмысын бастады.    Жазғы мектеп жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында өтеді.
       🎊 “Жазғы мектеп шақырады” атты салтанатты ашылу шарасында мектеп директоры Гаухар Байбосынова  Сманқызы       оқушыларды жазғы мектеп жұмысына белсенді қатысып, уақытын тиімді өткізуге шақырды. 
        🎶🎈Шара барысында мектеп өнерпаздары мерекелік концерт ұсынды.  
   🎯«Жазғы мектеп» жұмысының мақсаты: білім алушылардың оқу сапасын, сауаттылығын арттыру, күрделі тақырыптарға қайта шолып, игеру. Шығармашылығын шыңдау, IT құзыретін арттыру. Жазғы мектепте оқушыларға:
📌Білімін шыңдауға қолдау болады;
📌IT бағыттағы үйірмелерге, телестудия үйірмесіне қатысады;
📌Креативті идеясын іске асырып, жеке, топтық жұмыспен қамтылады;
📌Көңіл-күйі назарға алынып, сергіту  шаралары жүргізіледі;
📌Үй тапсырмасы берілмейді;
📌Балалар еркін форма үлгісінде жүреді

  🌈ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - ЖАҢА БІЛІМ БАСТАУЫ!
  🌈ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРДАСЫ!
 🌈ЖАЗҒЫ МЕКТЕП - ЖАҢА УАҚЫТ ТАЛАБЫ!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив